07.06.2022
  115


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ОЙ ЖЕТЕГІНДЕ

Бірде бойға жиған төзім қуатын,
Ғасырда бір хас таланттай туатын.
Көздеріне ақыл мен ой тұнатын,
Бір қария маған былай деп еді:
«Уақыт сынап,
сырғанайды өтеді,
бәрі жалған көз көрмеске кетеді.
Жастық шақты мәнді өткіз бірібір,
Бұл өмірдің
қайғысы мен қуанышы жетеді».
Ойлап бірде осы сөздің астарын,
Жиналғанда басын қосып достарым.
Айтып едім, әншейін бір дос қыз,
Елең етіп, қақты қиғаш қастарын.
Қиналғандай
сөзді неден бастарын,
Екі көзден
мөлдіретіп жастарын.
Тұрды дағы
бойын жиып бір кезде,
Айтты ойының төмендегі жапсарын:
«Қандай ғажап ой-пікір», - деп таңданды,
Әлде өзі бір нәрсеге алданды...
Ерекше бір сезім бойға жүгіріп,
Бір керемет өзін билеп алған-ды.
Осы ойда
қандай әйбат сиқыр бар?
Мен ойласам
санам жетпей шиқылдар.
Сонда неге қызға ерекше әсерлі,


Таңданатын дәнеңе жоқ ұйқы ұрлар.
Сонда қызға
қарап қаппыз біріміз,
Мықты болсаң бір уәж айтып көріңіз.
Әр кәллада бір ой қуып әркім-ақ,
Ыдырады береке мен сәніміз.
Әншейінде
қысыр сөзге тым құмар,
Осындайда кеуде керіп жұлқынар,
Мен дегеннің тіпті жүні жығылып,
Қыз алдында жоқ жағдайы сын қылар.
Мысы басты өзі әлде өктем бе?
Бір басынан біраз тарих өткен бе?
Біз білмедік, әйтеуір де іркіліп,
Аңтарылып қалдық бұған көп пенде.
Сын-сипаты жарасып бір өзіне,
Тұрғанменен ұялапты ой көзіне.
Қыздың құрдым ой-қиялын түсініп,
Жүрекпенен кім бар алар сезіне.
Ал кәне кел,
ойлап көрші сен де бір,
Ой, санаңа қиял түсер әлдебір.
Таба алғанда аймен сырлас түндегі,
Қыз көңілі шырқау биік өрде тұр.
Р. S.
Мен білемін қыз ойын,
Сен табасың, көр де тұр!





Пікір жазу