07.06.2022
  100


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

СЕН АРҚЫЛЫ

Мөлдіреген ботакөзім, жақұтым,
Сеніменен көңілді өтер уақытым.
Құлай сүю, ғашық болу дегеннің,
Сен арқылы сездім мен бақытын.
Шын ғашықтық көңіліме нық тұрды,
Жүрмейтінін жүрекке әмір ұқтырды.
Тағдыр тартқан әділетсіздікке шын күйіп,
Қос жанарға қайғы болып шық тұрды.
Қайтем енді, шынын айтсам білмеймін,
Жарқылдаған көңіл қалды, күлмеймін.
Сенен басқа көрінбейді көзіме,
Табыспаған тағдырымды тілдеймін.
Білмеймін мен, сенің қандай бар ойың?
Үмітпенен өтіп жатыр сан айым.
Қиналмашы, сен аман бол өмірде,


Өз махаббатыма өзім күйіп жанайын.
Сарытап қып санаңа ойлар келмей мың,
Ғашық болып көңіліңе енбей мұң
Менің ұлы жүрегімдегі сезім мен,
Махаббатымды ұғасың деп сенбеймін.





Пікір жазу