07.06.2022
  130


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ЖАНЫМДЫ ҚАЛҚАМ СЕЗГЕЙСІҢ.

Кездессең дағы өмірде кеш,
Тағдырға қайтем өкпелеп.
Кетпейсің естен жан қалқам сен,
Нұр сезім тұрса төкпелеп.
Жалын жанымды, қалқам, сезгейсің,
Тағдырға қатал төзгейсің.
Сезімнің нұры сиқырлы болар,
Түсіну қиын сезбей шын.
Үмітім жалғар ақ сезімді,
Көргенде жаным өзіңді.
Сенсіз өткен күндерге шыдар,
Не деген жаным төзімді.
Тағдырым қатал не деген,
Жүрекке жара салғандай.
Жадырап жаным сені мен,
Алармын еске армандай.
Аялай білер қимасым сен,
Кездессек сезім шаттанар.
Қолыма түспес бақ құсым ең,
Жүректе мәңгі сақталар.





Пікір жазу