07.06.2022
115
ҚҰЛАЗИДЫ КӨҢІЛІМ СЕН ЖОҚ КЕЗДЕ
Мөлдіреп
қарағанда екі көзің,
Тағат таппас
мендегі ұлы сезім.
Кеш кезіктім
қайтейін тағдырыма,
Іштей жеп
құрытармын өзімді-өзім.
Қастерлім жоқ,
шын айтам, сенен өзге,
Алтынды
айналдырма сары жезге.
Көз алдымда
күлімдеп жүре берші,
Құлазиды көңілім сен жоқ кезде.
Көңілдің
астан-кестен бұзар шырқын,
Махаббат
ғажап күш қой, неткен шіркін!
Сен дағы
мың толғанып мендегі ұлы,
Сезімді түсінерсің ақыр бір күн.