07.06.2022
123

МАХАББАТ ДЕГЕН БІР ҒАЖАП
Сезімім желдей есілді,
Көңілім көлдей көсілді.
Махаббат деген бір ғажап,
Үмітті биік өсірді.
Қалқам-ау алған есімді,
Сағынсам аршын төсіңді.
Көк шулан қою түтін мен,
Сырадан алам өшімді.
Қолданып алуан тәсілді,
Көтере берме бәсіңді.
Пендеге өлшеп берілген,
Өмір ғой мынау кесімді.