07.06.2022
  111


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

ОЙ ТЕРБЕП...

Желпініп шашың самалмен,
Келесің көрсең жүгіріп.
Ой тербеп мені мазалап,
Барамын жаным үгіліп.
Сезімім алды мазаны,
Махаббат па бұған жазалы?
Ойласам болды сен жайлы,
Жүрекке түсер азабы.
Өрекпіген нұр сезім,
Күннен-күнге ушығып
Саған деген махаббат,
Тұр ғой менде тұншығып.


Көз алдымда әрқашан,
Жүргенде жанып, жайнап сен.
Жанымды тербеп бір сезім,
Отырам сені ойлап мен.





Пікір жазу