07.06.2022
  104


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

УРА ЖЫР

Аңсаған ата-бабамыз
Дербестікке қол жетіп,
Қуантты ел мен жұртымды.
Уысқа түскен ырысқа
Халықпен бірге шаттанып,
Толқыды жүрек, бұлқынды.
Қаным ойнап денемде
Бойды кернеп бұла күш,
Қайратым тасып жұлқынды.
Бұл ерекше қуаныш
Көтеріп көңіл тербетіп,
Көзімде мөлдір сыр тұнды.
Бабына түсіп пырағым


Кемерден асып шабытым,
Шығарды түйдек жыр құнды.
Баласын алты алаштың
Бостандық алған күнімен,
Құттықтадым ұлтымды.
Ізгі ниет жар болып
Ақ тілекпен әр адам,
Үмітпен алға ұмтылды.
Оңынан туып ай, күнім
Ойда жүрген сан ғасыр
Қол жетпесті шын қылды.
Қайда барсам алдымда
Бал-бұл жайнап жүздері
Күлімдеген жан тұрды.
Айды аспанға шығарып
Әлемде ойып орын ап
Ғаламды қазақ таң қылды.
Қиындықтардан қайыспай
Қиялай өтіп жол тауып
Белесті асты сан қырлы.
Сарыарқаның төріне
Астана құрды елбасы
Жарқыратып айна сыңғырлы.
Жол салды ел ішінде
Қалыпқа түгел сай қылып
Еркін де жүрер даңғылды.
Ауылға бөліп көңілді
Егінді бітік өсірсе,
Далада малым маңғырды.
Бейімделіп нарыққа
Жаңалыққа бет бұрып,
Ескінің орны жаңғырды.
Кәсіпкер боп жеке іске
Кірісіп енді адамдар
Сыбанып білек қам қылды.
Сан ұрпаққа жалғасып,
Бабадан қалған мирас боп
Қайтардық дәстүр-салтымды.





Пікір жазу