07.06.2022
  152


Автор: Сәдуақас Абдынасырұлы

АСЫЛ ТҰЛҒА ӘБІШ АҒАМ БІЛГЕНГЕ

Қиындықтан
әсте мойып саспаған,
Қазақ едік біз әдептен аспаған.
Табан асты айта алар өлеңді,
Керек жерде айтыстан да қашпаған.
Өскен осы
өнегемен жас балаң,
Қанға сіңген қасиет бұл, хас бағам.
Әдебиетте біздің Әбіш ағам да,
Сөз құдіретін поэзиямен бастаған.
Толқытқанда
бұла талант әмірі,
Қуат берді поэзия тәңірі.
Зор шабыттан бастау алған көрікті,
«Алтын шуақ» асыл ойдың тамыры.
Қара сөзден
нұрлы шуақ төктіріп,
Кеттің кейін прозаға бет бұрып.
Айта білген халқымыздың өткенін,
О да үлкен тектілік!
Көркем ойлы
шығармамен сандаған,
Туған жердің шежіресін толғаған.
Маңғыстаудай қасиетті мекеннің,
Құдіретсің Дала кейпін сомдаған!
Ескі күннен


әсте есте қалмаған,
Аңыздардан ой тұтатып маздаған.
Өткендегі
ел тарихын тірілттің,
Суға кеткен кісідей тал қармаған.



Ата-баба
өмірін оймен жалғап,
Ала білдің керегін таңдап, талғап.
«Үркер» мен «Елең алаң» тарихымыз,
Қопарған ғасырлардан терең толғап.
«Құсқанаты», «Аңыздың ақырында»,
Сөйлеттің Қала, Дала батырын да.
Тап бастың замананың ақиқатын,
Айта алмаған шеше де, ақының да.
Жазғаныңыз
шыңғыртып «Шыңырауда»,
Шымырлатып санамды мың бұрауда.
Ата салтын жоғалтқан ұрпағыңа,
Көңіл ұлып, төзе алмай ыңырауда.
«Бір шөкім бұлт»,
«Бір уыс топырағың»,
Әсер беріп, ой толғап отырамын.
Түсіне білер кісі болса шіркін,
Күрделі ойлар толып жатыр ағын.
Қамтыған
алуан өмір арналарын,
Бір төбе «Тырау-тырау тырналарың».
Айта берсек бұл тізім ұзарады,
Сыйғызам қалай қазір жырға бәрін.
Сіз жазған
аңыздардың бар ма есебі?
Білгендер мұнда ақиқат бар деседі.
Аңыз тектес
шығарма шоғырынан,
Шалқи соққан
Шығыстың лебі еседі.
Асыл тұлға
осындай ол, білгенге,
Асқар тау ол, асқақ тұрған іргеңде.
Мұзарт шыңдай қатпар-қатпар ойлары,
Бұл күндері маза бермей жүр менде!





Пікір жазу