ЕЛБАСЫНА АРНАУ
Ұлтымның көшін алға бастаған бір адам,
Тұлғасың ерек, білімі кемел ұлы адам.
Қазақстанның бағына туған жарқырап,
Жасынан елді ойлай бастаған Нұр-ағам.
Еңіреп жатқан ұлтына құшақ жая сап,
Асан қайғыдай астына мінген маясы ақ.
Есікте тұрған қазақтың басын төрге әкеп,
Патшамыз үшін парасат пайым – саясат.
Қайсарлығы кем түспеген-ді батырдан,
Бірлікке елді, тірлікке ерді шақырған.
Болашағына байыппен қарап баянды,
Туған халқы үшін шаттықпен таңын атырған.
Қазағын бірер жадынан ешбір тастамай,
Күні мен түні ойлаған кім бір патшадай?
Тәуелсіздікті алғалы бері жаңа өмір,
Жаңа өмірге жаңа Астанамыз – Ақ сарай.
Бірлігінде ғой іргелі елдің тірегі,
Дұшпанның сонда тісі бата алмай жүреді.
Ұлтының бағы боп туғанының белгісі –
Барша қазақпен бірге соғады жүрегі.
Елім деп кешті басынан не бір жайларды,
Елім деп тіпті азулы намыс қайралды.
Маңдай терінің арқасы міне, қазағы
Жүрегі түкті арыстанға да айналды.
Батыр бабалар болмаса шалқып жүрер ме ең?
Алаңсыз жатып, алаңсыз өмір сүрер ме ең?
Бабаның асыл арманың жүктеп мойнына,
Ақ патшамызды Алланың өзі жіберген.
Бабалар, сенің тастаған игі мұраңды,
Ақылы асып, көсем боп туған ұл алды.
Кешегі Абылай, Кенесарылар аңсаған
Іргесі мықты мемлекетті құра алды.
Ағаға тартып азамат болса өрендер,
Талай Нұрсұлтан тізгініңді ұстар кемеңгер.
Атыңды сенің әлемге жар сап, дүр қылып,
Алатаудайын мәртебең қалай төмендер?!
Әрбір ақ таңда азат күн көктен күлімдер,
Жоқтап тұрады жегідей жеген мұнынды ер.
Сонау алыстан шаңдатқан нұрлы көш көрсең,
Әбіштің ұлы пырағында деп біліңдер!