07.06.2022
114
ОТАНЫМ
Жолымен атаның,
Жер жарған атағың.
Жәй дау деп қарайсың
Дұшпанның шатағын.
Найзағай секілді
Ашынсаң қаһарың,
Енесі өзіңсің
Боздаған ботаның.
Мен сені сүйемін
Бас ием, Отаным!
Отаным тым қымбат,
Өлермін бір күн нақ.
Қалдырып кетемін
Сен жайлы жыр жырлап.
Шабыттың қолында
Қаламым қылғынбақ
Көгінен күміс Күн
Күледі сыңғырлап.
Отаным – ардағым,
Сазыңды жырлаған
Сүймейтін талайлар
Тістеген бармағын.
Тұзақ қып құрдың-ау
Махаббат қармағын.
Көгіңде талмастан
Қырандай самғадым.
Жырларым жаңаша
Кәдеңе жараса,
Қөркің бар тамаша,
Шын сүйіп қараса.
Көтерер тауларын
Басына қаласа,
Отаным жаныңда
Асқар да аласа.
Шырайың гүл көрік,
Келесің гүлденіп
Төсіңде тіршілік
Алуан түрленіп.
Тарих көнеріп,
Болашақ бүрленіп.
Жатырмын жылу ап,
Бауырыңда күн көріп.