07.06.2022
  87


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

«НҰР ОТАН»

Қорғаны жастың дәл,
Асудан астыңдар.


Елдікке шақырып,
Бірлікке бастаңдар.
Саясат шебері
Кемеңгер басшың бар.
Сен мықты, «Нұр Отан»!
Ерлігің есте мың,
Еңбекпен өскенің,
Елімнің ілгері
Сүйредің көштерін.
Қазақстан алдында
Еңбегің көп сенің.
Сен мықты, «Нұр Отан»!
Жаратқан бергенде ес,
Сырым жоқ елден де еш.
Ұйым көп болса да,
Өзіңе тең келмес.
Барша жас өзіңді
Әкеден кем көрмес.
Сен мықты, «Нұр Отан»!
Шындықты жақтайсың,
Дәстүрді сақтайсың.
Еліңнің үмітін
Әрқашан ақтайсың.
Сүйгесін жүрекпен
Қазақты мақтайсың,
Сен мықты, «Нұр Отан»!





Пікір жазу