07.06.2022
  137


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

ГҮЛДЕНШІ, ЕЛІМ

Бидайың жайқалған қырыңда,
Сенетін қазақпыз ырымға,
Арқадан Астана сап жатқан,
Гүлденген ел едік шынында.
Соятын қазақпыз бір атын,
Бабаның сақтаған мұрасын,
Көк байрақ бетінде қыраның
Биікке сілтесін құлашын.
Біз емес дұшпаннан ығатын,
Тайсалмай майданға шығатын.
«Ел іші өнердің – кеніші»,
Ақын да, батыр да шығатын.
Тілегін балаңның шын көрші,
Тәңірім, ел тілегін шын берші.
Мәңігіге жырлайын сені, елім,
Мәңгіге гүлденші, гүлденші!





Пікір жазу