07.06.2022
  194


Автор: Талғат Қайбұллаұлы

БІРЛІК

Сан мәрте жараланды жердің жүзі,
Адамзат апатының салған ізі.
Сол кезде қалыңдады елдің мұңы,
Көңілдің талай-талай болды күзі.
Түбіңе жетті талай алауыздық,
Таптадың, аямадың бір-біріңді,
Тудырған қызғаншақтық, алауыздық
Быт-шыт қып жіберді ғой тірлігіңді.
Өзін зор басқалардан тау санаған,
Әлсізге әлімжеттік жасаған көп,
Осыдан қырылып ед қаншама адам,
Көңілің құса болды қападан тек.
Еңбекке жұмса, адам, жігеріңді,
Еңбекпен күн кешетін тірлік керек.
Тыңдашы, жұртым, жалғыз тілегімді,
Жемісін сол еңбектің бірлік берет…





Пікір жазу