OSCE САММИТІ
Ақыннан жыр туады қиналғанда,
Жыр шығады ақынды қинау барда.
Саммитті өткізді ғой Елбасымыз,
Халықты қиын кезде жинау залға.
Хандарды қиын кезде жинау залға,
Білікті еді Елбасы қиналған ба?!
Қазақ халқы көрсетті қонақжайлық,
Шетелден келген алыс меймандарға.
Жиында Елбасының өзі қазы,
Әр сөзі тыңдаушыға мағыналы.
Алыс-жақын елден келген қонақтары,
Қазақтың қонақжайлылығына разы.
Болған соң мерей үстем, көп разы,
Арта түсер, елім, сенің бағың әлі.
Қазақтағы қонақжай көңілменен
Бейбітсүйгіш ниетімізге бәрі разы.
Елге дұрыс әр елден дос тапқаны,
Сол кезде айқара аштың қос қақпаны.
Тіл-көзден аман бол деп мен тіледім,
Сол кезде ел мерейі асқақтады.
Алғысын халық тегін бермейді ғой.
Пейілі қазекемнің кең дейді ғой.
Еңбегі Елбасымның ұшан-теңіз,
Кез келгеннің қолынан келмейді ғой.
Елбасым елден биік баға көрсін,
Ел алғысын Елбасы ала берсін.
Еңбегіңнің жемісін халық көріп,
Еліңе құт-береке ала келсін.
Еліме құт-береке ала келсін,
Елбасы, елді ойлаған саналы ерсің.
«Ердің бағы әуелден елмен бірге»,
Нұр аға, елмен бағың жана берсін!
Еңбегіңе еліңіз дән разы,
Қолдайды әр ісіңді тағы бәрі.
Сол бір Саммит өшпестей болып енді
Тарихтың тақтасына жазылады!