07.06.2022
  245


Автор: Ескен Елубаев

ШАШ ПЕН САҚАЛ

(Мысал)
Баста,
Сақалдан да,
 Мұрттан да,
Бұрын шығатын
Шашта,
Өкпе алақазандай:
«Болдым, – деп, – неге қасқа?»
Шаш едiм ғой жасы үлкен,
Менде бедел əзiр кем...
Жасы кiшi болса да,
Қадiр тұтып соншама,
Ел сақалды сыйлайды,
Бұл ақылға сыймайды»...
Деп ол күйiп-пiседi,
Сөйтiп сирей түседi...
Сиремейтiн тек сақал,
Болып алған «ақсақал».





Пікір жазу