06.06.2022
  184


Автор: Ескен Елубаев

САП ҚҰРҒАН «ƏЛIППЕ»

(аллитерацияға құрылған)


«А»
Ардақтар асыл адамың,
Ақ сүтiн ақта ананың...
Ананың алсаң алғысын,
Азаматсың, арлысың,
Атағың асар аспандап,
Абыройың асқақтап.
«Ə»
Əлди-əлди, əлдиiм,
Əлдендiрген əлдиiм,
Əлпештеумен əлдидi
Əсерлендi əр күнiм.
Əлемдегi əдемi
Əппағымсың əлдиiм,
Əлдиiмдi иiскесем,
Əдiрем қалар əтiрiң.
Əуелеткен əн-жырым,
Əлди-əлди, əлдиiм.
«Б»
Бөлек бөлмеде бөбектi
Бесiгiне берiк бөлептi.
«В»
Вулкан лавасы атқан,
Везувий қаласын жапқан.
«Г»
Гүлжан гармоньды гулеттi,
Геннадий гобойды гулеттi.


 «Ғ»
Ғаламшар ғарышкерi – Ғани,
Ғұлама ғалым – Ғайни.
«Д»
Далалықтарды дəрiпте,
Дархан, дана, дарынды,
Далалықтарға даралық
Даласынан дариды.
«Е»
Ер – елiне ес.
Елi ерiн елейдi
Ер елiне еркелер,
Елiмен ер елеулi.
«Ё»
Лифтёршi лифтi күзеткен,
Бұзылса монтёр түзеткен.
«Ж»
Жерге жусап жайылар,
Желмен жүйткiп жарысқан,
Жылқы – жүйрiк жануар.
«З»
Зерiн зерлеп,
Зерiкпейтiн зерек Зейнеп.
«И»
Ине сабақтауға Инеш икемдi,
Иттi қуып далақтауға Имаш икемдi.
 «Й»
– Той қалай өттi?
– Айқай-ұйқайсыз.
Дау-дамайсыз.
Ойбай-ұйбайсыз,
Той осылай өттi.
«К»
Көргенiмде кеше кеп,
Көкөнiске кезек көп,
Күткiм келмей кеткенмiн.
Көрсем бүгiн кешке кеп,
Кемiмептi кезек көп,
Кезек күтем, кетпеймiн.
«Қ»
Қастерлi құс – қоқиқаз
Қорығында Қорғалжын.
Қарақшы, қаныпезерден
Қамқорлықпен қалайда,
Қоқиқаздар қорғалсын.
«Л»
Лəйлə – қыз,
Лəйлек – құс.
«М»
Мұрат, мына машинаға мiн,
Мынау мотоциклге мiнгескенiң мiн.
«Н»
Назым наубайханада наубай,
Нан-нанба.
Назымның наубайханасындағы нандай,
Нан жоқ нəрлi ондай.
 «Ң»
Мыңғырған мал мың-мың,
Маң ың-дың.
«О»
Оңашада Оңалсынның,
Ою оюы орынды.
Орындықта отырып
Омардың оқу-оқуы орынды.
«Ө»
Өзеннiң өзегi өрiсi,
Өзеннен өттi
Өкеннiң өгiзi.
«П»
Полковник пе – бұл?
Пальтосындағы погонынан бiл.
«Р»
Республика рəмiздерi
Рет-ретiмен рəсiмделдi.
«С»
Сұрапыл сел сарқырама сияқты,
Сай-саламен сарылдаған су ақты.
Самырсынды сiрiңкеңiз секiлдi
Сырт сындырып, сереңдетiп сұлатты.
«Т»
Тастан-тасқа тайғанап,
Таудан түскен таутеке,
Төңiректен тың тыңдап,
Тапжылмастан тұрды да,
 Тiке тартып талтүсте
Тасқайнарға таяды.
Тасқайнардың түбiнде
Тұяқ тiреп тасына,
Тұнбаға тақап тұмсығын,
Тау тағысы тап-тастай
Тұнық суға қанады.
«У»
Уақап,
Уыс-уыс уаққа
Ақшаны уат, уақта.
«Ұ»
Ұнамды ұраны,
«Ұландықтар» ұнады.
«Ү»
Үсен үйiрiп үйдегi үйректi,
Үркiтiп ұшуға үйреттi.
«Ф»
Фарфор артқан,
Фосфор артқан,
Фрегат Босфор бұғазына тартқан.
«Х»
Халық тыңдап хош алған,
Хамит – хорда əн салған.
«Һ»
Жиһаз алдық шаһарда,
Табылмайтын жаһанда.
 «Ц»
Циклон соғар,
Цунами болар.
«Ч»
Чехия елi – батыста,
Чикаго қаласы – АҚШ-та.
«Ш»
Шалғыңды шыңдап,
Шалғынды шап шындап.
Шөпшабыста шалапқа
Шөлiркесең шөлдi бас,
Шалап – шаңдулы шанақта.
«Щ»
Кещеге айтқан –
Ащы да емес,
Тұщы да емес,
Лəм-мим демес.
«Ъ»
Объ өзенiне бардық,
Объективке түсiрiп алдық.
«Ы»
Ылғи ылди ыңғайсыз,
Ырықсыз ылдилауға кiм ынтық?
«I»
Iртiк-iртiк,
Iштiк iркiт.
Iркiп-iркiп.
 «Ь»
Шинельдi шеш,
Никель сымды кес.
«Э»
Экстрасенс эстрадада ол.
Энергиясын жұмсар мол.
«Ю»
Юрмалада Юра жүр,
Юля Юрамен бiр.
«Я»
Яхия яслиге
Я барар, я бармас.
Яхияны ясли
Я алар, я алмас.





Пікір жазу