06.06.2022
  125


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Оны айтудан ұялмаймын...

Оны айтудан ұялмаймын,
Мен жаманмын деп келгесін.
Сені өзіме қия алмаймын,
Өзімді-өзім жек көргесін.
Сәбиісің ізгі ананың,
Жаны-тәні ақ қардай-ақ.
Анаңнан да қызғанамын,
Өзім ойлап тапқандай-ақ.





Пікір жазу