06.06.2022
  133


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҚОЛДАН КЕЛМЕЙ ҚЫЗҒАНЫШТАН БАСҚА ЕРЛІК

Қайда ақылым, қайда күшім,
Жеп бітіпті қиял, мұңым.
Сен жұпардай пайдалысың,
Мен арақтай зияндымын.
«Ғашықтардың» өткірі мен, –
Деуші ем бұрын бұла өнерлі.
Мәжнүнге көп күліп ем,
Ол мені аяп жылар енді.
Көрді талай күйіп те ішім,
Күйген ішім езбін дейді.
Сен әлемге сүйіктісің,
Ал мені ит те көзге ілмейді.





Пікір жазу