06.06.2022
82
АЛАТАУҒА
Жауыннан шөгіп қалмадың, жасыннан өліп,
Ұшарың сүттей, бауырың жасылға бөгіп.
Үлегі-ай жердің, қарайсың үшен шалдардай,
Туажаттарынан бейтаныс ғасырға келіп.
Халық жоқ барлық халықтың халқынан ұлы...
Әйгі етсең де болады жалпыға мұны:
Атырау – Алтай арасы-ай! Аумағы-ай жердің!
Алтыдан бірдің – біздің жер – алтыдан бірі!
Зымырар ма еді конькидің байлап ап бірін,
Сүрініп кетіп бабы жоқ жайрамақ па ұлың?
Айтып жүр әлем газеті Медеудің мұзы,
Тайғанақ мұздың бәрінен тайғанақтығын.