06.06.2022
  126


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Бәрін біліп көргенмен хақ тағалам...

Бәрін біліп көргенмен хақ тағалам,
Керек болар демеді бақ та маған.
Оңды-солды сол бақты үлестіріп,
Бір мысқалын мен үшін сақтамаған.
Отан берді ғажайып, өң де берді,
Көндірсін деп күш берді көнбегенді.
Әкімдіктің беделін бұйыртпады,
Ақындықтан алар деп ол беделді.
Қырсығынан мен соның келем ішіп,
Шекем қызбай, қызғанмен денем ысып.
Осылайша бөлшектер бермейтұғын,
Жаман завхоз жақсы ермен ерегісіп.
Бақсыз, бапсыз, біртектес күн шұбалды,
Бақсыз күндер баланың тыншын алды.
«Бақ» деген не, апыр-ау, «құдайы» не?
Елестетем оны айтар сыншыларды.
Түсіндірер жоқ оның қиын түгі,
(Ұғысармыз олармен биыл түбі)
Бақ дегенің өңкей бір естіліктің,
Келісімдей судырар жиынтығы.
Түсіндіріп берейін – тірлік есте,
Ғұмырымды ойлаған мұңды кеште.
Жақсы атыңыз, мысалы, той күнінде,
Сындырса егер аяғын індікеште.





Пікір жазу