06.06.2022
  114


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Жетсем деумен күн кештім қадіріңе...

Жетсем деумен күн кештім қадіріңе,
Сәл ауырсаң, хабарлап бар ініме,
Аман қыл деп жалындым, алла рақым,
Тәуір қыл деп түркінің тәңіріне.
Көзіңе егер көрінсе гүл көсемдей,
Ғажап адам жоқ шығар мүлде сендей.
Көргім келіп сағынам, тағы аттанам,
Күнде көрген көзіме күнде сенбей.
Енді енжілді еш сөзбен лайламан,
Құдіретсің, құдіретсіз...құлай ма адам?
Мәңгі рақат, мәңгі азап кешсінші деп,
Бір махаббат сыйлады құдай маған.





Пікір жазу