06.06.2022
151
Топты жарып әлеміш жаяу қалың...
Топты жарып әлеміш жаяу қалың,
Жарты арысқа атағы аян, мәлім.
Жирен атты жетелеп ері қалың,
Етектегі отауға аяңдадым.
Бетегелі беткейде келем еппен,
Жалт қарасқан жандар көп, елең еткен.
Қарақұрым жекендей кісі ішінде,
Қазақ болмай қалды ғой менен өткен.
Ақылға жоқ, ай туа амалға бай,
Зар күйінде зәу-атқа алаңдамай,
Қарашығын жасынша жарқылдатып,
Қылықтының құныға қадалғаны-ай!
«– Алдырайын, жоқ болса, үйден ақша, –
Құрдасым жүр деуменен, – биле, патша!»
– ...Қашан ғана қуантам ел – иемді,
Жарты мысқал миы жоқ жирен атша?
А, Асеке?