06.06.2022
  199


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Ақ таңда елік жусап бір қапталда...

Ақ таңда елік жусап бір қапталда,
Сары ауыз бақбақ сусап гүл атқанда.
Ырғайлар сөйлеп ырғалған табанда,
Мойныңнан түсіп жұмсақ бір қақпанға.
Естіртпей сөйлеп сөзіңді асқарға,
Шалқытып бұла сезімді аспанға.
Шашыңа іліккен бір тал шөпті алып,
Танадай жәудір көзіңді ашқанда.
Сырнайша тербеп нұрлы үнің көк перде,
Басымнан ұшып бір мұңым кеткенде.
Бұлақты көрген ботадай жұтынып,
Ерніңе қызғылт ындыным кепкенде.
Көк іліп күндіз жүзікті бір дөңге,
Төсіңнен сұлу сызықты көргенде.
Әуені қаталдау әпкеңнің дауысы,
Әуелеп тұрған қызықты бөлгенде –
Алаяқ жүйрікпен тоғайға киліккем.





Пікір жазу