06.06.2022
120
Айттап кеп көлдегі тал, құмға...
Айттап кеп көлдегі тал, құмға,
Жағаға жантайды күн бүгін.
Жан-жаққа қаранып алдың да,
Көк сұйық күміске сүңгідің.
Серпеді толқындар гүлді аулақ,
«Жыланшық»аяулы көл, тегі.
Жүздің сен шалқалап, бұлғаңдап,
Тәніңді аударып, төңкеріп.
Ауаны жұпартып тұрды иісің,
Сол иіс таралды суға да.
Тағы да сырғанай сүңгисің,
Содан соң күлесің қулана.
Күлгенде денеңмен, қасыңмен,
Қызуын тежеуді қойды аптап.
Жүрсің сен, ақ бота, жас інген,
Көзімнің алдында ойнақтап.
Қорқамын. Айтқан сөз өтпейді,
Жаным-ау, жүзуің бітпеді.
Бұл көлде су жылан көп дейді,
Ойпыр-ай, шық енді, шық бері.