06.06.2022
  118


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Бұл тұрақ мастығымды кеше қарап...

Бұл тұрақ мастығымды кеше қарап,
Былғаған кеше балақ көшеде қап,
Шығар-ау қыранша ұшып шаңырағым,
Зертасты ғимаратқа неше қабат.
Білмеймін қай жақсыға не бересі,
Әзірше босаға осы, кенере осы.
Шешемнің келіні де алыста жүр,
Одан да алыста жүр немересі.
Білмеймін дәріптеуді қай тілде мен,
Кішкентай ботақанды Айкүн деген
Сағынып қылығын да, құлынымдап,
Күн кешем достарыма айтуменен.





Пікір жазу