06.06.2022
120
Халім нашар, көрдің бе, көрдің бе, әнім...
Халім нашар, көрдің бе, көрдің бе, әнім,
Аққұба әнім, айта алмай қор қылмағым.
Көмейімнен шықпасты, шыға алмасты, –
Жеткізе алар ерніңе ернім бәрін.
Ернім айтар көзіңе шөпілменен,
Қызарғанын қысылып бетім неден.
Кездеспедің кезімде жалаң қылыш,
Өткір жүзі майрылып кетілмеген.
Ернім айтар жүзіңе шөпілменен,
Қызарғанын қысылып бетім неден.
Жалаң қылыш кезімнің өткендігін,
Өткір жүзі майрылып кетілмеген.
Сынбақ едім, ғұмырың тынбақ еді,
Мен көрмеген сан айқас сын қап еді.
Тасқа тиіп маңдайым, сан кетілдім,
Суар қайта, қайтадан шыңда мені.