06.06.2022
  144


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ҚАРА ҚАЛАМ

Білетін жастайымнан жатқа мені,
Досымның тапқаны еді, қап-қара еді.
Жанымды еліктіріп, беріп тұрып,
«Бетінен енді мұны қақпа», – деді.
Қылығың қазақтыққа қиыс келді,
Жүрсе де жігерлентіп жиі іске ерді.
Атына ер жігіттің мінбейді әйел,
Қарағым, қаламыма тиіспе енді.
Көңілімді көгерт деумен, гүлдет деумен,
Танбаймын толғаныста бір беттен мен.
Әйелдер тектілігін білдіреді,
Жігіттің жау-жарағын құрметтеумен.





Пікір жазу