ҚҰРДАСҚА ҚҰРДАС ТУРАЛЫ
Біздей бай, біздей кедей де бар ма,
Мұң менен шаттық жолдасы?
Құрдасым...Бақыткерей, мен (Алла!) –
АҚШ-тың атом бомбасы!
Бір ойды қолға ұстатып санам,
Күтеді бір сөз байтағым.
Бақыткерей Ысқақов, саған,
Құрдасың жайлы айтамын.
Адамға көктен қауіп төнгесін,
Билейді үрей денеңді.
Оның да жылы тауық болғасын,
Құрдасың емей, нең енді?!
Түбінде біздер түсінбек мұңның,
Көзге оты ерте шалынды.
Тумай-ақ жатып, ішің кепкірдің,
Іші де ерте жарылды.
Жапондар туған жерінен қашты,
Өртеніп жүріп бұл күні.
Хиросимада онымен жасты,
Бала жоқ, бәрін қылғыды.
Сенің де мендей жолдасың өлең,
Ақынбыз, қарап тұрмаспыз.
Құрдаспыз атом бомбасыменен,
Ажал шіркінмен құрдаспыз.
Біздей бай, біздей кедей де бар ма,
Мұң менен шаттық жолдасы.
Құрдасым Бақыткерей, мен – әлгі,
АҚШ-тың атом бомбасы.
Түбінде біздер түсінбек мұңның,
Көзге оты ерте шалынды.
Тумай-ақ жатып, ішің кепкірдің,
Іші де ерте жарылды.
Бір ойды қолға ұстатып санам,
Күтеді бір сөз байтағым.
Бақыткерей Ысқақов, саған,
Құрдасың жайлы айтамын.
Шапқылап жүріп, жорғаға балап,
Ат кесіп алып тоғайдан,
Ер жеттік біздер бомбаға қарап,
Бомбаға күші зорайған.
Адамға төнген қауіп те оңбасын,
Түршіктіретін денеңді.
Оның да жылы тауық болғасын,
Құрдасың емей, нең енді?!
Өмірге бір сәт қадам да бастық,
Көрмедік тойдан құр қалып.
Ойлаған жоқпыз адамға қастық,
Қысастық жұртқа қылмадық.
Серілік талай қылыққа бастық,
Боламыз деп те ел көркі.
Қалжыңдап жүріп қырықтан астық,
Қырықтан астық бомба ертіп.
Адамның ішкі әлемін айттық,
Қылсын деп бізді жұрт ақын.
Қарғам-ау, сонау пәлені қайттік,
Пәлені қайтіп құртасың?
Қайтадан енді тұрмас дарынға,
Отыз ед жазған дәуірі.
Дүниеге, барлық құрдастарыңа,
Жар салшы, батыр бауырым.