06.06.2022
  171


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ШЫҢДА

Сырнайға ән құйған сыр қайда,
Мұндайда тұрмай ма есіп үн?
Үкілер қонып жүр ырғайға,
Жел шайқап солқылдақ бесігін.
Үйтасты оюмен торлап ап,
Жас арша жаяды құлашын.
Аядай аспаннан сорғалап,
Лып етіп қайқайды лашын.
Көк шыңдар онсыз да көп шығар,
Шымшық мәз мадақтап шоқ талды.
Аршалы жондардай көк шұбар,
Бір елік үш қарғып жоқ болды...
Жүз елдің суына жүзермін,
Шың сайын көк өзен гүрлеген.
Қой, енді өрлейін...үзеңгім,
Сүйіссін кез келген гүлменен.





Пікір жазу