06.06.2022
  147


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ПОЭЗИЯ

Сен барсың, бар болса егер Жерде күнгей,
Күнгейдің гүлдерінің еңбегіндей.
Барсың сен:
Сенем саған филиппиндік
Химмерге аурулардың сенгеніндей.
Өрлікті патшалықтан ірі шендей,
Музаның дәріптеп пе бірі Сендей?!
Жарқылдап жүріп-жүріп,
Жоқ та болдың,
Кеше әжем көшке мінген күміс ердей.
Сені де ысқаяқтар сөз демей ме,
Өмірде қызық бар деп өзгедей де?!
Манастың қылышындай жауға шапқан,
Көкті де көрсетпейсің көзге кейде.
Өзіңді күйелеп пе мына томда?
Шын ғасыл болған екен мұраты онда.
Ақынсыз мемлекет көп. Бақытты ма?
Айтса ғой біреу барып Платонға.
Күн кешкен сөзін ұғар елсіз де Абай,
Ал арай – шөлсіз де арай, көлсіз де арай.
Ақындар құрып кетсін...Бірақ әлем,
Білмеймін күн кешеді Сенсіз қалай?!
Мен саған бас қоямын таңда өзі арай,
Шам жағып, қиса азабын маңғаз Абай.
Бейшора бей қазақтар оқ атқанда,
Намазын үзбей өлген Жанғожадай.
Қаламын жылжытқанда менше ілгері,
Ақындар көзбен сені ел көрсін деді.
Ана бір мөлдір көзден сені әкетсе,
Мәңкүр-нүңкір әкете берсін мені.





Пікір жазу