06.06.2022
115
Лудмила
Алыс жерден сүйдім сені ақынша,
Көген көзге жетер ме екен сол үлгім?
Сені көріп, Түрік қағанатынша,
Атпай, шаппай мен екіге бөліндім.
Лудмила!
Ләйлә үшін де азаптап,
Қаттасым да алды мені қыспаққа.
Хақназардың тұсындағы қазақтай,
Жалғыз басым бөлініп тұр үш тапқа.
Орта ғасыр...өткендей-ақ аз-ақ күн
Қол ұсыным көрінеді ол маған.
Евразия құрлығында қазақтың,
Бір кездері жақсы атағы болмаған.
Лудмила!
Сенсің жалғыз тәтті арман,
Қоқандықша қоңқылдасын жауларым.
Судан құрып, шыға алмаған шатқалдан,
Мен бұл шақта Кенеханнан аумадым.