06.06.2022
106
Тамсанармын, өңім түгіл, түсімде....
Тамсанармын, өңім түгіл, түсімде,
Түскенде еске үлбіреген гүл ерін.
Тал мүсінің бәкәсәмнің ішінде,
Алма астында таңғажайып жүрегің.
Сол жүрекке бағышталған жыр өлмес,
Жатқа алғандар ғұмыр кешер мәңгі мас.
Кетем десең, Хиуа жері жібермес,
Жоңғардың жас шәйірімен қаңғыбас.
Жоғарғы үнмен әндететін құс түнде,
Гүр-Әмірше құбылғанда айлы шың.
Той боп жатыр қазір Жоңғар үстінде,
Кенежирен шаппай ма оның бәйгесін?
Нәркес көздің әр шуағын мың үн қып,
Отты елесің оңашада сүйейін.
Ақ жібек бер өз қолыңмен ырым қып,
Кенежирен кекіліне түйейін.