06.06.2022
  193


Автор: Жұматай Жақыпбаев

АРМАН

(Қойшығара Салғаринге)
Тарих деген тумайды екен,
тумайды екен долбардан,
Долбары жоқ кітаптарды қолға алғам.
Қарайтушы көбейген соң халықты,
Амалсыздан ағартушы болды арман.
Анық тамтық қалдырмаған бұл елден,
«Шешеңді!»...деп шежіреге түнерген.
Қасоқтарды үшке бөліп мәңгіге,
Қағанын да арабы ғып жіберген.
Қағазы бар жұрттың бәрі көріпкел,
Көріпкелдің кещелігін сөгіп көр.
Сәлделілер өтірікті соққанда,
Жіп есе алмай қалады екен бөрікті ел.
«Бірге, шіркін, қоса алсам-ау екіні», -
Осы арманнан будырады кекілі.
...Тарихсыз үй әкесіз үй секілді,
Жерге сыймай қандасатын жетімі.





Пікір жазу