06.06.2022
  133


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Үні ғажап, түрі бөлек, күшті әні...

Үні ғажап, түрі бөлек, күшті әні,
Сайрайды кеп біздің ауыл құстары.
Гангада да, Нілде де олар боп келген,
Белгілі олар елімізден тысқары.
Күн ашық па, әлде жаңбыр жауа ма,
Сарғайса да, көгерсе де тау ана.
Сайрайды олар, мыңсайрамның әндері,
Сіңген біздің жұпары көп ауаға.
Сол құстардың құйқылжыған сөздерін,
Қайталап та көрмегенмен өзге ерін.
Жұпар ауа жұтқан шақта ән сіңген,
Құстай жеңіл сезінеді өздерін.
Елестей ме бір сұлудың гүл өңі,
Мен де жолда өлең айтам үнемі.
Ойларым ба, мұңдарым ба – барлығы,
Біздің ауыл ауасына сіңеді.





Пікір жазу