06.06.2022
  138


Автор: Жұматай Жақыпбаев

Қурайдың ызыңдайды-ау тілі сымдай...

Қурайдың ызыңдайды-ау тілі сымдай,
Бораннан бірі сынған, бірі сынбай.
Ағарып бұта басы, қар ұшқындап,
Жол үсті жылтылдайды күміс ұндай.
Шоланға басы болған реніштің,
Қар борап, біте алмады ел күреп үш күн.
Сайрайды суық таңнан шана іздері,
Қардағы жобасындай рельстің.
Түгі ұзын тікірейген қос құлағы,
Айтақтап тентек итін қос тұрады.
Құйрығын өрге шаншып күрт-күрт желген,
Соғым ат өз-өзінен осқырады.
Шошынып күнде шауып жүрген жерден,
Қар қашар танауынан үрген желден.
Сықады сары аязда терезені,
Ақпанда өзі ғана білген зермен.





Пікір жазу