06.06.2022
141
Жас тамып кеткен...
Айтатын әні,
Басқа ән,
Біз айтқан әнде жатса мұң.
Сызықтай түзу қоспаған,
Бізді де тағдыр қоспадың..
Бар дейді тапқан,
Бар теңі,
(Өтеді жылдар қас-қағым)
Түсіне кірсем қайтеді?
Тілеуін тілеп басқаның.
Жоғалтқан кезде сенімді,
Дауа жоқ деген бұл елге.
Онсыз да алаң көңілді,
Мазалап енді жүрем бе?
Жүргенім осы жыламай,
Орны жоқ айтар өкпенің.
Өзіме жүрді ұнамай,
Жасырып жасты төккенім.
Жасқанып көктен,
Келіп күз,
Жартасқа біткен бұл неге?
Жас тамып кеткен,
Еріксіз...
Ашиды жаным гүлге де!