06.06.2022
  143


Автор: Ислам Қосжан

Қыз сыйлаған орамал

Жиектелген,
Теңіздің жиегіндей,
Жұмсақтығы қытайдың жібегіндей.
Қыз сыйлаған орамал,
Сәуле шашқан,
Батар күннің реңіндей.
Өрнектері,
Биші қыз білегіндей,
Оюланған парсының кілеміндей.
Қыз сыйлаған орамал,
Үлкендігі,
Бір жапырақ көлеміндей.
Қызыл гүлі қауызда,
Гүл еріндей,
Қоюлығы мақпалдың күреңіндей.
Қыз сыйлаған орамал,
Қыз ұсынған,
Жүрегіндей!
***.
Тыңдаған жанға,
Бәрі де жұмбақ.
Тыңдадым таңда,
Сыйқырлы ән.
Тұңғиық терең,
Әріден жырлап,
Айырған төзім,
Ұйқыңнан.
Айтқанда сөзбен,
Түсінбес еді,
Түсімде естіп,
Тұрмын мен.


Естісем деп ем,
Өңімде сені,
Тараған әнді,
Күлкіңнен.
Оятқан таңды,
Тыңдасаң мәңгі,
Тыңдасам тағы,
Шіркін мен.
Көрсетпей сенен,
Ұрлаған әнді,
Күлкіңнен.





Пікір жазу