06.06.2022
131
Осал емеспін –ау
Қалың тұман қаптайды,-
Қалың қайғы,
Іштегі от сексеуіл шоғындай-ды.
Саған ғашық болғандар жетіп жатыр,
Төлегендей,
Бірақ та,
Табылмайды.
Көңіл шіркін жоқ-барға алаңдайды,
Бар үмітті,
(Сол қалған)
Амалдайды.
Маған ғашық болғандар табылады,
Қыз Жібектей,
Бірақ та,
Бола алмайды.
Жақын айтқан тоқтатып,
Кеңес мынау...
Көз алдымда тұнған бір елессің-ау.
Сені сүйген мазасыз жүрегім бар,
Шынында да,
Мен осал емеспін-ау!