06.06.2022
  172


Автор: Ислам Қосжан

Махаббат деген майданда

Ғашықтық ұшқын,
Бір елес,
Еркіңе қоймас жырлатпай.
Сұлулық деген ірі емес,
Сұлулық деген бармақтай.
Түннен де күнді іздеп ек,
Түнменен біз де күндеспіз.
Сұлудың жөні бір бөлек,
Сұлулық деген, қыз деппіз.
Кісі боп,
Иттер үргенге,
Торыдық талай қыз жақты.
Үйтіп те-бүйтіп жүргенде,
Іштегі дертті қозғапты.
Жігіт те болдық,
Ер кеуде,
Жүрдік қой талай сүргін сап.
Сәлем деп қолын бергенде,
Қыздардың қолы жұп-жұмсақ.
Қызыққа жастық тойған ба?
Қызға жыр жаздық арнап біз.
Махаббат атты майданда,
Ақын боп қалған солдатпыз!





Пікір жазу