06.06.2022
307
БАЙСАЛДЫ НҰР
Мұхтар Әуезов туралы
Саңлау тапса саулаған нұр кекілдім,
Судай тасып келмепті-ау секіргің.
Абайсызда жанасса бір күні езбен,
Ер қып ерттеп, еңселі қырды кезген.
Жеңілуді білмеген қайсар момын,
Жел мінезді өшірмес нұр мінезбен.
Жиырмада да түстің сен қырықта да,
Нұр боп түстің көк өркен шыбыққа да.
Жүйкеге де, жүрекке, тілекке де,
Құлыққа да, ұлық пен рухқа да.
Нұр түскесін жаһанның хош реңі,
Тоң жібітіп судан сең көшіреді.
Жылытады, жайната көрсетеді,
Әр төбеге мәртебе өсіреді.
Менің ойым тағы да қырды кезді:
«Ұлы бар ма екен, – деп – нұр мінезді».