06.06.2022
  119


Автор: Ислам Қосжан

Теңіз жағасындағы ой

Кербез мойын аққудай,


Толқынның аппақ тамағы.
Оралмас дей ме?
Шақ мұндай,
Құшады келіп жағаны.
Сыңғыры шығар күлкінің,
Көз алмай қатқан сылқым жар,
Қайрып ұзын кірпігін,
Шашылған моншақ –
Толқындар.
Мұндағы шыққан күлкінің,
Аспанда бәрі ұшады.
Сондықтан болар бұл түннің,
Сәуледей аппақ құшағы.
Жаныңа жақын бұл өзі,
Ән болып көктен қонады.
Түннің де жұмсақ тілегі,
«Мың бір түн» десең болады.
Жағаны әнмен өруге,
Толқын ғой келген еркелеп.
Осының бәрін көруге,
Аспаннан үлкен көз керек!





Пікір жазу