06.06.2022
200
САНАМАҚ-ЖАТТЫҒУ
Бiр –
Таңертең тұр.
Екi –
Шынығып, бекi.
Үш –
Тазала тiс.
Төрт –
Сабындап жу бет.
Бес –
Сүртiн тез.
Алты –
Үйдi жина жалпы.
Жетi –
Киiн ендi.
Сегiз –
Асыңды жеп, iш.
Тоғыз –
Ыдысты жу тегiс.
Он –
Сабақ оқы
Осыдан соң.
Бұл санамақ жаңа,
Күнде өстiп сана.