06.06.2022
  154


Автор: Ескен Елубаев

САНАМАҚТАР

Бiр дегенiм – бiрқазан,
Құсқа қойылған ат.
Екi дегенiм – екiндi,
Күн бата бастаған шақ.
Үш дегенiм – үшем,
Үш бала бiрге туған.
Төрт дегенiм – төртбақ,
Күрескелi тұрған.
Бес дегенiм – бесiк,
 Бөбектi бөлеп беретiн.
Алты дегенiм – алтыбақан,
Далаға құрып тебетiн.
Жетi дегенiм – жетiген,
Саз аспабы ел бiлетiн.
Сегiз дегенiм – сегiзаяқ,
Мұхитта жүзiп жүретiн.
Тоғыз дегенiм – тоғызқұмалақ,
Ұлттық ойын ойнайтын.
Он дегенiм – онсақа,
Ой-берiле ойлайтын.





Пікір жазу