06.06.2022
214
МƏУЕЛI БАҚ
Айналып кеткен
Мəуелi баққа,
Саяжай осы,
Шымбұлақ жақта.
Iшiнде оның
Алма ағаш – жетеу,
Шие ағаш – үшеу,
Алша ағаш – екеу.
Бiр жаңғақ ағаш
Жəне бар өскен.
Алмұрт пен өрiк
Ағашы – бестен.
Қоршап тұр бəрiн
Отыз түп терек.
Арша ағаш – алты,
Хош иiсi ерек...
Кəнеки, қайсың
Есебiн бермек.
Онда ағаш қанша
Жемiсiн термек?..
(23 ағаш. Терек, арша жемiс бермейдi)