06.06.2022
  283


Автор: Ескен Елубаев

ҚАРЫМТА ЕСЕ ҚАЙТАРУ

Асық салған дорба алып,
Алдыңғы күнi,
Кеше де,
Бiздер асық ойнадық,
Шеңбер сызып көшеде.
Алдыңғы күнi ұтылып,
Балаларға қалғаным.
Алды менi сыпырып,
Жақсы ойнай алмадым...
Əкемдi олар танытты
Қайттым, iшiм ашып тым.
Тек, он бесi қалыпты
Дорбадағы асықтың.
Құлжа сақа қолға алып,
Қайтармақ боп қарымта,
Кеше
Тағы ойнадық,
Əлi асығым барында.
Айтсам жайдың ашығын,
Кеше ұтып мен
Қатырдым!
Қанша ендi асығым?
Соны санап жатырмын.
Қырық бiр екен, дегенмен,
Асықтарым дорбада.
 Бес асыққа ол көбейген.
Разы емеспiн сонда да.
Мен пайдаға шыққанмын,
Айтыңдаршы есебiн.
Қанша асық ұтқанмын,
Ойында мен кешегi?
Жəне басын бер ашып,
Алдыңғы күнi ойында,
Ұтылдым мен қанша асық?
Санап бершi оны да...
(Алдыңғы күнi дорбада 36 асық болған,
21 асық ұтылғам. Кешегi ойында 26 асық
ұтқам, 5 асық пайдам).





Пікір жазу