БОЙЫМЫЗДЫ ӨЛШЕДIК
Үшеуiмiз белсенiп:
«Биыл қанша өсiппiз?»
Бойымызды өлшедiк,
«Бiлейiкшi», – десiп бiз.
Менiң бойым
Жүз жиырма
Сантиметр болып тұр.
Бiраз өскем биыл да,
Көңiлiм соған толып тұр.
Былтыр бойым
Жүз он бес
Сантиметр көрсеткен.
Жай емес ол бiз сенбес,
Екеуiне өлшеткем.
Тiкiрейiп тұрып тым,
Бойды өлшеген кезiнде,
Он сантиметр биiк-тiн,
Былтыр ағам өзiмнен.
Бой өлшеген кезiнде,
Қанша екенiн көретiн.
Былтыр iнiм,
Өзiмнен
Үш сантиметр төмен-тiн.
Бес сантиметр биiкке,
Өсiптi ағам бүгiнде.
Өскен,
Алдық бiлiп те,
Төрт сантиметр iнiм де...
Жүйрiк болса ойлары,
Есептейдi мұны кiм?
Қанша едi бойлары
Былтыр
Ағам мен iнiмнiң?
Жүйрiк болса ойлары
Есептейдi мұны кiм?
Биыл қанша бойлары
Ағам менен iнiмнiң?
(Жауабы: Былтыр ағамның бойы 125 сантиметр, биыл 130 сантиметр. Былтыр iнiмнiң бойы 112 сантиметр, биыл 116 сантиметр).