06.06.2022
165
Бес қабатты тұрам үйде,
Сондағы мен пəтерiме,
Баспалдақпен шығам күнде,
Бiрте-бiрте көтерiле.
Ең жоғарғы қабатында
Сор болғанда үйiм менiң,
Еш амал жоқ табатын да,
Мiне, осындай күйiм менiң.
Бiрiншi үй қабатына
Жетем,
Келсем басқа жақтан,
Оны əдейi санадым да,
Аттап жетi баспалдақтан.
Тағы, əр қабат арасында
Баспалдақ бар жиырмадан,
Болдырып-ақ қаласың да,
Барғанша үйге қиын маған.
Жету үшiн үйге дейiн,
Жол-жөнекей баспақ аттар,
Дəл жолымда күнде менiң
Айтшы, қанша баспалдақ бар?
(87 баспалдақ)