Көл беті – көкорайда жоқ өсімдік...
Көл беті – көкорайда жоқ өсімдік,
Ақ гүлін тұңғиықтан тебе сырғып,
Қалқыған жапырағын кие-жара,
Су сызды құс біткеннің төресі ілбіп.
«Ағалап» бала әкелген арнап мана,
Қарамай қара жіпті қармаққа да,
Су түбін көк балдырлы, көлеңкелі,
Жатырмын жағажайдан барлап қана.
Көремін көп қызығын су сығалап,
Бұлтылдап ит балықтар тыншымады-ақ.
Су іші ала көлең, қорқынышты,
Кәнеки, батыр болсаң, түрші балақ.
Ұмтылған ұрымталдан ұрыдай нақ,
Балдырдан балықтарды түріп айдап,
Ажалдың жазуындай сүйреңдеген,
Жіңішке қоңыр жылан зымырайды-ақ.
Жылп етіп тар ұңғыдай бос үңгірден,
Зуылдап су түбіне тосын кірген
Ажалдың сол жазуын тас атқылап,
Ақыры біржолата өшірдім мен.
Келгенмен мәңгі-бақи өсіп-өнгің,
Көшірер жұмыр жердің төсінен күн.
Адамның атын кезек сумаңдатқан,
Ажалдың бар жазуын өшірер кім?!