06.06.2022
189
Өр едің, ұрынғыш ең...
Өр едің, ұрынғыш ең,
Көзге ілмей гүлді бөтен.
Құбылып құлын мүшең,
Қай жерде жүрдің екен?
Қанатын биыл жаймақ,
Мөлдір саз төккен құсым.
Шет қонып, қиыр жайлап,
Тағы да кеткенбісің?!
Естіген таңдана ма?
Есінен ауған бұ да, –
Барғамын сан қалаға,
басқанмын тауларды да.
Сәлемді беремін де,
Сол жерден өкпемді айтып.
Сені ойлап келемін де,
Сені ойлап кеткем қайтып...
Өзіме кездескенге,
Мен сені жыр қыламын.
Басыма енді еш кезде,
Қонбайтын Нұрлы Бағым!