06.06.2022
167
Залдарда жыр қалатын...
Залдарда жыр қалатын,
Сенімен егескім кеп:
«Мен саған жынданатын
Мәжнүн емеспін», – деп.
Жоңғардың алғыр ұлы,
Айтатын азап көрген:
Ләйлә Бірінші бөлім 35
Сол жырдың жаңғырығы,
Қайтатын газеттерден.
Ақын боп дарқан өстік,
Дым жоқ боп күдікті ойдан.
Сол жырды Арқа да естіп,
Алтай да біліп қойған.
Әлемнің ажары едің,
Кідірсең аздаған жыл –
Мен саған жазар едім,
Адамзат жазбаған жыр.
Әндерге кенеледі,
Жанымның құмары артып.
Қолынан не келеді,
Тағдырдың бұдан артық?!